Главная Новости METU және Staffordshire University жасанды интеллект пен киберқауіпсіздікті дамыту жолында күш біріктірді: профессор Elhadj Benkhelifa-ның ашық дәрістері
24 Қазан 2025                  312
METU және Staffordshire University жасанды интеллект пен киберқауіпсіздікті дамыту жолында күш біріктірді: профессор Elhadj Benkhelifa-ның ашық дәрістері

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Ұлыбританияның жетекші ғалымдарының бірі, Staffordshire University құрамындағы Smart Systems, AI and Cybersecurity Research Centre (SSAICS) зертханасының директоры профессор Elhadj Benkhelifa ашық дәрістер мен семинарлар өткізуде.

Профессор Elhadj Benkhelifa20 жылға жуық халықаралық тәжірибесі бар көрнекті ғалым, информатика және цифрлық инновациялар профессоры, профессорлар кеңесінің төрағасы және Staffordshire University этика комитетінің мүшесі. Ол Еуропадағы ең ірі зерттеу орталықтарының бірін басқарады, мұнда жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, киберқауіпсіздік және заттар интернеті бағыттарында инновациялық шешімдер әзірленеді.

METU-дегі бір апталық сапары барысында профессор студенттерге, магистранттарға және докторанттарға арналған жеке дәрістер мен семинарлар өткізіп, жасанды интеллекттің заманауи үрдістері мен қолдану әдістерін әртүрлі салаларда — өнеркәсіп, энергетика, медицина және білім беру жүйесінде — түсіндірді.
Сонымен қатар, профессор докторанттармен жеке кеңесулер өткізіп, олардың диссертациялық зерттеу тақырыптарын жетілдіруге, ғылыми әдістемелерді таңдауға және зерттеу мақсаттарын нақтылауға көмектесуде.

Дәрістер қызу пікірталастармен өтті: қатысушылар сұрақтар қойып, өз идеяларымен бөлісті және әлемдік деңгейдегі ғалымнан құнды кеңестер алды.

Бұл дәрістер сериясы METU мен Staffordshire University арасындағы стратегиялық әріптестік аясында өтуде. Ынтымақтастық бірлескен зерттеулерді, академиялық ұтқырлықты және тәжірибе алмасуды дамытуға бағытталған.