Главная Новости METU Астана қаласында өткен "Bilimdi Keleshek-II" халықаралық білім көрмесіне қатысты
23 Қазан 2025                  86
METU Астана қаласында өткен "Bilimdi Keleshek-II" халықаралық білім көрмесіне қатысты

2025 жылдың 23 қазанында Астана қаласында "Жастар саясатын қолдау орталығының" ұйымдастыруымен жоғары білімнің "Bilimdi Keleshek-II" халықаралық көрмесі өтті.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) көрмеде өз білім беру бағдарламаларын, халықаралық серіктестіктерін және студенттерге арналған мүмкіндіктерін таныстырды. Университет өкілдері талапкерлерге оқу шарттары, мамандықтар мен студенттік өмір туралы кеңінен ақпарат берді.

Аталған іс-шара жоғары оқу орындарының өзара тәжірибе алмасуына, жаңа байланыстар орнатуға және жастардың инженерлік-технологиялық мамандықтарға қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Автор: Мусақызы Ж.