Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Кафедра ағаоқытушысы ашық сабақ өткізді
22 Қазан 2025                  255
Кафедра ағаоқытушысы ашық сабақ өткізді

Оқу үдерісі аясында кафедра оқытушысы Токанова Ж.К. «Тауар тану» пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер балық және балық өнімдерінің түрлері, олардың тағамдық және биологиялық құндылығы, сақтау шарттары мен сапасын бағалау тәсілдерімен танысты.

Теориялық материал тәжірибелік мысалдармен толықтырылып, студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталды. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырды.