Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН! «МИТУ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІН АТАП ӨТТІ
24 Қазан 2025                  191
ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН! «МИТУ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІН АТАП ӨТТІ

«Биохимиялық инженерия» кафедрасы еліміздің барша азаматтарын Тәуелсіздігіміздің, бірлігіміз бен өркендеуіміздің символы – Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтайды!

24 қазан күні университетте осы маңызды мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шара барысында «МИТУ» ректоры Ақпанбетов Дархан Берикович ұстаздарды, қызметкерлерді және студенттерді құттықтап, ел тарихына құрмет пен патриоттық сезімді тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Университеттің дамуына қосқан зор үлесі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін ректор ұстаздарға алғыс хаттар табыстап, олардың еңбегіне және білім беру ісіне адалдығына ризашылығын білдірді.

«Биохимиялық инженерия» кафедрасының оқытушылары мен студенттері де құттықтауларға қосылып, барша қазақстандықтарға бейбітшілік, амандық, келісім мен Тәуелсіз Қазақстанның одан әрі гүлденуін тіледі!