Главная Новости METU Алматы қаласында өткен "Bilimdi Keleshek-II" халықаралық білім көрмесіне қатысты
21 Қазан 2025                  250
METU Алматы қаласында өткен "Bilimdi Keleshek-II" халықаралық білім көрмесіне қатысты

2025 жылдың 21 қазанында Алматы қаласында "Жастар саясатын қолдау орталығының" ұйымдастыруымен жоғары білімнің "Bilimdi Keleshek-II" халықаралық көрмесі өтті.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) көрмеде өз білім беру бағдарламаларын, халықаралық жобаларын және талапкерлерге арналған мүмкіндіктерін таныстырды. Университет өкілдері оқу бағыттары, академиялық ұтқырлық және METU-де білім алудың артықшылықтары туралы ақпарат ұсынды.

Алматы қаласындағы көрме мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне жоғары білім беру саласындағы жаңа бағыттармен танысып, еліміздің жетекші университеттері туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік берді.

Автор: Мусақызы Ж.