2025 жылғы 28 қазанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде профессорлық-оқытушылық құрамның проректорлардың қатысуымен отырысы өтті.
Отырыста:
- Абдилдаева Асель Асылбекқызы - академиялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор,
- Каруна Оксана Леонидовна - ғылым, инновациялық саясат және маркетинг жөніндегі проректор сөз сөйледі.
Кездесуде жасанды интеллектті дамыту, цифрлық технологияларды білім беру процесіне енгізу және AI-Sana ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру бағыттары талқыланды. Отырыстың нәтижесінде білім берудің цифрлық трансформациясын одан әрі дамытуға бағытталған идеялар мен ұсыныстар айтылды.