Өтініш қабылдау мерзімі:
2025 жылдың 28 қазанынан 10 қарашасына дейін
Қазақстанның
барлық өңірлерінде магистратураға түсуге арналған кешенді
тестілеуге (КТ) өтініш қабылдаудың қысқы кезеңі басталды.
Өтініштерді "Ұлттық тестілеу орталығы" (ҰТО)
жүйесі арқылы онлайн түрде тапсыруға болады.
Кешенді
тестілеу талапкерлердің магистратура бағдарламаларын меңгеруге дайындығын
анықтау мақсатында өткізіледі. КТ нәтижесі Қазақстан Республикасының жоғары оқу
орындарына түсу үшін міндетті шарт болып табылады.
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU)
магистратурада білім алуға ниетті жастарды оқу бағдарламаларымен танысуға және
өз мүмкіндіктерін кеңейтуге шақырады. METU-де заманауи бағыттар, халықаралық
серіктестіктер және инженерлік-технологиялық салаға бағытталған ғылыми жобалар
жүзеге асырылады.
Автор: Мусақызы Ж.