2025 жылдың
23 қазанында Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінде «Маркетологтар еліндегі Алиса»
атты тақырыптық іс-шара өтті. Іс-шараны «Экономика және бизнес»
кафедрасы ұйымдастырды.
Шараны «Маркетинг»
білім беру бағдарламасының оқытушылары мен студенттері дайындады. Бағдарламада
шығармашылық қойылымдар, интерактивті ойындар, маркетингтік викториналар мен
конкурстар ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің креативтілігін, командада
жұмыс істеу қабілетін және кәсіби білімдерін көрсетті.
Мереке
жарқын және позитивті атмосферада өтіп, әртүрлі курс студенттерін біріктірді.
Ол маркетингтің тек ғылым ғана емес, сонымен қатар шабыт, коммуникация және
шығармашылық өнері екенін көрсетті.