Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры «Мен оқып жүрген кітап» жобасы аясында Айгиз Баймұхатовтың «Тастамашы, ана!» шығармасына арналған әдеби кеш
21 Қазан 2025                  179
«Мен оқып жүрген кітап» жобасы аясында Айгиз Баймұхатовтың «Тастамашы, ана!» шығармасына арналған әдеби кеш

2025 жылғы 21 қазанда Мәжіліс залында «Мен оқып жүрген кітап» жобасы аясында Айгиз Баймұхатовтың «Тастамашы, ана!» атты шығармасына арналған әдеби кеш өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу болды.

Әдеби кешке РЭТ-24-1к тобының студенттері қатысып, шығарма мазмұны бойынша өз ойларымен бөлісті, автордың көтерген әлеуметтік және моральдық тақырыптарын талқылады. Сондай-ақ студенттер әсерлі көріністер қойып, шығармадан үзінділер оқыды.

Кеш барысында қатысушылар ананың мейірімі, отбасы құндылығы және адамдық борыш туралы терең ой түйіп, әдебиет арқылы рухани тәрбие алудың маңыздылығын сезінді. Іс-шара жылы, әсерлі және мазмұнды форматта өтті.