2025 жылғы 21 қазанда Мәжіліс залында «Мен оқып жүрген кітап» жобасы аясында
Айгиз Баймұхатовтың «Тастамашы, ана!» атты шығармасына арналған әдеби кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,
рухани және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу болды.
Әдеби кешке РЭТ-24-1к тобының студенттері қатысып, шығарма мазмұны бойынша
өз ойларымен бөлісті, автордың көтерген әлеуметтік және моральдық тақырыптарын
талқылады. Сондай-ақ студенттер әсерлі көріністер қойып, шығармадан үзінділер
оқыды.
Кеш барысында қатысушылар ананың мейірімі, отбасы құндылығы және адамдық
борыш туралы терең ой түйіп, әдебиет арқылы рухани тәрбие алудың маңыздылығын
сезінді. Іс-шара жылы, әсерлі және мазмұнды форматта өтті.