Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры БИОХИМИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
29 Қазан 2025                  145
БИОХИМИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

2025 жылдың 29 қазанында «Биохимиялық инженерия» кафедрасында университет проректорларының қатысуымен кафедра отырысы өтті.

Отырысқа академиялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Әбділдаева Әсел Асылбекқызы және ғылым, инновациялық саясат және маркетинг жөніндегі проректор Каруна Оксана Леонидовна қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыбы — «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ МАСШТАБТАУ: МИТУ-ДЫҢ ҒЫЛЫМИ-САНДЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ВЕКТОРЫ» болды.

Отырыс барысында жасанды интеллект технологияларын білім беру және ғылыми үдерістерге енгізу мүмкіндіктері, ғылыми зерттеулерді цифрландыру және инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылды.

Кафедра оқытушылары белсенді түрде талқылауға қатысып, оқу үдерісіне цифрлық құралдар мен жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша ұсыныстарын білдірді.

Проректорлар кафедраның университеттің цифрлық трансформация стратегиясын іске асыруға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, жасанды интеллектіні интеграциялау ғылым мен білімді дамытудың жаңа көкжиегін ашатынын ерекше атап өтті.

Отырыс конструктивті және жемісті атмосферада өтіп, қатысушылар кафедраның әрі қарай дамуының стратегиялық бағыттары бойынша пікірлер мен ұсыныстар алмасты.