Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры METU МАРКЕТОЛОГ-ПРАКТИК ЕСКЕНДІР ӘЛИХАННЫҢ ҚОНАҚ ДӘРІСІ ӨТТІ
30 Қазан 2025                  909
METU МАРКЕТОЛОГ-ПРАКТИК ЕСКЕНДІР ӘЛИХАННЫҢ ҚОНАҚ ДӘРІСІ ӨТТІ

30 қазан күні Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Baker Tilly Qazaqstan Audit компаниясының маркетинг жөніндегі менеджері Ескендір Әлиханның қонақ дәрісі өтті. Ол компанияда маркетингтік стратегияларды әзірлеу, брендті дамыту, зерттеулер жүргізу және корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыруға жауап береді.

Дәріс тақырыбы«Қаржы технологияларының заманауи маркетингтік стратегияларға әсері».

Кездесу барысында студенттер цифрландыру мен финтехтің тұтынушылардың мінез-құлқы мен күтулеріне қалай әсер ететінін, нарықты қалыптастыратын заманауи құралдарды және цифрлық экономикада сұранысқа ие дағдыларды талқылады.

Ескендір Әлихан — KIMEP университетінің түлегі, маркетинг саласындағы MBA дәрежесінің иегері. 2024–2025 жылдары ол Chartered Institute of Marketing (Level 6, Ұлыбритания) бағдарламасы бойынша оқудан өтті және қазіргі уақытта Гарвард бизнес мектебінің (АҚШ) студенті.

Дәріс соңында спикер ең белсенді және ынталы студенттерді атап өтіп, оларды Baker Tilly компаниясына тағылымдамадан өтуге шақырды.

Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге және мансаптық өсу мен өзін-өзі жүзеге асыруға нақты мүмкіндіктер ашады.