Главная Новости Халықаралық форумға METU өкілдері қатысты
29 Қазан 2025                  137
Халықаралық форумға METU өкілдері қатысты

Астанада өткен «Қазақстан – академиялық білім беру аумағы» атты стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы аясында цифрландыру, академиялық ұтқырлық, трансұлттық білім беру, инновациялар мен технологиялар трансфері мәселелері талқыланды.

Форум барысында панельдік және пленарлық сессиялар, сондай-ақ дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, қатысушылар жоғары білім беру жүйесін дамытудың өзекті бағыттары бойынша тәжірибе алмасты.

Іс-шараға Халықаралық инженерлік технологиялық университетінің ректоры Д.Б. Акпанбетов және университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.