Астанада жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Қазақстан – академиялық білім беру аумағы» атты стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті.
Форум аясында цифрландыру, академиялық ұтқырлық, трансұлттық білім беру, инновациялар мен технологиялар трансфері мәселелері талқыланды. Бағдарлама барысында пленарлық және панельдік сессиялар, сондай-ақ дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, қатысушылар жоғары білім беру жүйесін жетілдіру бойынша тәжірибе алмасты.
Форум жұмысына Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Д.Б. Ақпанбетов және университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
МИТУ-дың бұл форумға қатысуы университеттің халықаралық серіктестік байланыстарын нығайтуға және жаһандық білім беру кеңістігіне интеграциялануға бағытталған маңызды қадам болды.