Халықаралық инженерлік-технологиялық университетіне (METU) Mugla Sıtkı Koçman университетінің (Түркия) профессоры, ғылым докторы Мехмет Али Озлер келді.
Профессордың сапары екі жоғары оқу орны арасындағы оқытушылардың академиялық ұтқырлығы бағдарламасы аясында, қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім негізінде жүзеге асуда.
Мехмет Али Озлер – 375-тен астам ғылыми жарияланымның авторы, Хирша индексі – 7. Оның ғылыми зерттеулері биохимиялық инженерия, биотехнология және экологиялық тұрақты өндіріс салаларын қамтиды.
МИТУ-да профессор «Биохимиялық инженерия» кафедрасының студенттері мен магистранттарына дәріс оқиды және биотехнология саласындағы халықаралық тәжірибесімен бөліседі.
Бұл сапар МИТУ мен шетелдік серіктес университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және академиялық ұтқырлықты дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.