Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті білім мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып, студенттерге цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде кәсіби өсуге жаңа мүмкіндіктер ашуда.
2025 жылдың 4–10 қараша аралығында METU студенттері мен магистранттары Қытай Халық Республикасының Jiangsu University of Technology университеті ұйымдастырған «Discovering Jiangsu» академиялық алмасу бағдарламасына қатысады.
Бағдарламаның мақсаттары:
халықаралық байланыстар мен кәсіби серіктестікті нығайту;
студенттердің академиялық ұтқырлығы мен цифрлық құзыреттерін дамыту;
көпмәдениетті ортада жұмыс істеу және жаһандық цифрлық қоғамға бейімделу дағдыларын қалыптастыру.
Бағдарлама аясында қатысушылар:
Қытайдың жоғары білім беру жүйесімен және заманауи оқыту әдістерімен танысады;
инновациялар, тұрақты даму және цифрлық технологияларға арналған ғылыми семинарларға қатысады;
электркөліктер, цифрлық автоматтандыру және жасанды интеллектті өнеркәсіпке енгізу бағытында жұмыс істейтін кәсіпорындарға барады;
Қытайдың білім мен ғылым саласында цифрландыру мен интеллектуалды технологияларды енгізу тәжірибесін зерделейді.
МИТУ басшылығы атап өткендей, «Discovering Jiangsu» халықаралық бағдарламасына қатысу студенттердің жаңа буынын — әлемге ашық, заманауи цифрлық құралдар мен жасанды интеллект технологияларын меңгерген мамандарды даярлауда маңызды қадам болмақ.