Главная Новости Халықаралық серіктестік көкжиегі кеңейді: Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті мен Қытайдың Гуйлин электроника және технология университеті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
04 Қараша 2025                  298
Халықаралық серіктестік көкжиегі кеңейді: Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті мен Қытайдың Гуйлин электроника және технология университеті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) мен Қытай Халық Республикасының Гуйлин электроника және технология университеті (Guilin University of Electronic Technology) өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісімнің басты мақсаты — екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық және ғылыми байланысты нығайту, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттер мен оқытушылар алмасуды дамыту және ғылыми зерттеулер саласындағы серіктестікті кеңейту.

Келісімге қол қою рәсіміне Гуйлин электроника және технология университетінің вице-президенті мен бес факультет директоры қатысты. Кездесу барысында тараптар білім беру сапасын арттыру, бірлескен ғылыми жобалар жүргізу және халықаралық академиялық серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

Бұл келісім екі университет арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, халықаралық білім және ғылым саласындағы ортақ бастамаларды дамытуға жол ашады.