Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (МИТУ) Түркияның Мугла Сыткы Кочман университетінің (Muğla Sıtkı Koçman University) профессоры, химия ғылымдарының докторы Мехмет Али Озлердің дәрістері мен семинарлары өтуде.
Профессор Мехмет Али Озлер – халықаралық деңгейде танымал ғалым, органикалық химия және биохимия саласындағы жетекші зерттеуші, беделді ғылыми журналдарда жарық көрген көптеген еңбектердің және халықаралық ғылыми жобалардың авторы.
Ол студенттер мен магистранттарға арналған «Биотехнология», «Химия» және «Тағам инженериясы» бағыттары бойынша заманауи органикалық химия, биокатализ және экологиялық таза синтез технологиялары тақырыптарында дәрістер оқуда.
Дәрістер барысында инновациялық химиялық процестердің экотехнология мен тағам өнеркәсібінде қолданылу мүмкіндіктері қарастырылып, ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқылануда.
Студенттер профессордың дәрістерін зор қызығушылықпен тыңдап, белсенді түрде сұрақтар қойып, талқылауға қатысуда.
Профессордың шақырылуы МИТУ-дың Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастамасымен ұйымдастырылып, университеттің халықаралық ғылыми байланыстарын кеңейтуге және білім сапасын арттыруға бағытталған.