Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) «AI және цифрлық жаңғыру» тақырыбында Microsoft компаниясының өкілдерімен бірге шеберлік сыныбы өтті. Спикер ретінде Данияр Жумабеков (Microsoft, Business Development | Education | Public Sector) қатысып, білім беру, мемлекеттік басқару және бизнесте жасанды интеллектіні енгізудің заманауи тәсілдері туралы айтты.
Іс-шара
қатысушылары цифрландырудың негізгі трендтерін, AI-ды кәсіби салада қолдану
мүмкіндіктерін және цифрлық құзыреттерді дамыту жолдарын талқылады.
Мұндай кездесулер білім алушыларға білімді табысты қолданудың нақты мысалдарын
көруге, өз дағдыларын дамытуға және болашақ кәсіби жолдарын практикалық
тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді.