«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттері ICPC Kazakhstan Qualification 2025 ширек финалына өтті!
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті қуана хабарлайды: «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттер командасы халықаралық бағдарламалау олимпиадасы ICPC Kazakhstan Qualification 2025 байқауының ширек финалына өтті.
Біздің команда 274 команданың ішінде 43-орынды иеленіп, үздік нәтижелердің бірімен келесі кезеңге жолдама алды.
ICPC (International Collegiate Programming Contest) — әлем бойынша ең беделді студенттік бағдарламалау олимпиадаларының бірі. Байқау барысында қатысушылар күрделі алгоритмдік есептерді шешеді, мұнда тек шешімнің дұрыстығы ғана емес, сонымен қатар жылдамдығы мен командалық үйлесімі де бағаланады.
15 қараша күні ширек финалдық кезең Нархоз университетінде (Алматы қ.) өтеді. Бұл жетістік — университетіміз студенттерінің жоғары деңгейдегі дайындықтарының және кафедраның сапалы білім беруінің айғағы.
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттері мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Оларға алдағы сайыста табыс, сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!