2025 жылғы 7 қараша күні Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Microsoft компаниясының «Жасанды интеллект (AI) көмегімен цифрлық трансформация» тақырыбында мастер-класс өтті.
Спикер ретінде Daniyar Zhumabekov — Microsoft компаниясының өкілі (Business Development | Education | Public Sector) сөз сөйлеп, жасанды интеллект технологияларын түрлі салада енгізу тәжірибесімен бөлісті және Microsoft Copilot интеллектуалды көмекшісінің мүмкіндіктерін таныстырды.
Қатысушылар заманауи AI құралдарының құжаттармен, презентациялармен және деректерді талдаумен жұмысты жеңілдетіп, оқу және кәсіби процестің тиімділігін арттыруға қалай ықпал ететінін білді.
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттері тақырыпқа ерекше қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысып, спикерге жасанды интеллекттің білім беру мен бизнес саласындағы болашағы туралы сұрақтар қойды.
МИТУ университеті Microsoft компаниясына және Daniyar Zhumabekovке ынтымақтастығы мен студенттердің цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған мазмұнды мастер-класс өткізгені үшін алғыс білдіреді.