Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры METU AI және Smart-технологияларды дамыту бойынша стратегиялық басқосу өткізді
10 Қараша 2025                  355
METU AI және Smart-технологияларды дамыту бойынша стратегиялық басқосу өткізді

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасында университеттің жетекші басшыларының қатысуымен кафедра отырысы өтті.

Іс-шараға академиялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Әбділдаева Әсел Асылбекқызы мен ғылым, инновациялық саясат және маркетинг жөніндегі проректор Каруна Оксана Леонидовна қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы — «Жасанды интеллекті масштабтау: METU -дың ғылыми-сандық трансформациясының стратегиялық векторы» болды.

Отырыста жасанды интеллект технологияларын білім беру мен ғылыми процестерге енгізу, зерттеулерді цифрландыру, сондай-ақ инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Кафедра оқытушылары белсенді қатысып, оқу процесін жетілдіру мақсатында цифрлық құралдар мен жасанды интеллект элементтерін қолдану жөнінде өз ұсыныстарын ортаға салды.

Проректорлар кафедраның университеттің цифрлық трансформациясын іске асырудағы маңызды рөлін атап өтіп, жасанды интеллектіні білім мен ғылым жүйесіне енгізу жаңа мүмкіндіктер мен даму көкжиектерін ашатынын ерекше атап өтті.

Кездесу конструктивті және нәтижелі атмосферада өтіп, қатысушылар кафедраның одан әрі дамуы мен инновациялық бағыттарын айқындауға бағытталған пікір алмасулар жүргізді.