Дені саудың - тәні сау!
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында КазИТУ студенттері Тұңғыш Президент паркінде денсаулық акциясын өткізді.
Халқымыз дені саудың-жаны сау деп орынды айтқан. Әр оқушының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден сақтануы керек. Адамның денсаулығы –қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. ҚазИТУдың әрбір студенті «Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі» деген қағиданы ұстанады.