Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті мен Microsoft компаниясының ынтымақтастығы аясында 2025 жылдың 7 қарашасында «Жасанды интеллектті қолдана отырып цифрлық трансформация» тақырыбында мастер-класс өтті.
Мастер-классты Данияр Жумагазбетов (Business Development | Education | Public Sector, Microsoft) жүргізді.
Іс-шара барысында қатысушылар цифрлық трансформацияның қазіргі үрдістері, жасанды интеллекттің білім беру және инженерлік салалардағы рөлі, сондай-ақ Microsoft жобаларында қолданылатын практикалық құралдармен танысты.
Мастер-класқа «Smart технологиялар инженерияда» кафедрасының студенттері белсенді қатысып, тақырыпқа қызығушылық танытып, сарапшыға сұрақтар қойды.
Бұл іс-шара университет пен Microsoft арасындағы серіктестікті нығайтуға және студенттердің цифрлық дағдыларын дамытуға маңызды қадам болды.