Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының оқытушысы білім берудегі ЖИ технологиялары бойынша халықаралық біліктілікті арттыру курсынан өтті
12 Мамыр 2025                  793
«Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының оқытушысы білім берудегі ЖИ технологиялары бойынша халықаралық біліктілікті арттыру курсынан өтті

«Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының лекторы Айжанова Алия Елубаевна Стамбұл техникалық университеті (İTÜ) ұйымдастырған «AI-powered Educational Platforms: A New Era of Digital Learning» атты халықаралық біліктілікті арттыру курсынан сәтті өтті.

Курс жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жаңа буын білім беру платформаларын меңгеру мен оларды оқу үдерісіне енгізуге бағытталды. Оқу барысында қатысушылар адаптивті оқыту құралдарын, студенттердің үлгерімін интеллектуалды талдау жүйелерін және жекелендірілген білім беру траекторияларын қалыптастыру әдістерін игерді. Бұл технологиялар қазіргі таңда білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында ерекше өзекті болып табылады.

Курс барысында алынған білім мен тәжірибе кафедраның оқу үдерісін жетілдіруге және университеттің цифрлық білім беру ортасын дамытуға өз үлесін қосады.

«Smart технологиялар инженерияда» кафедрасы Айжанова Алия Елубаевнаны халықаралық бағдарламаны сәтті аяқтауымен шын жүректен құттықтайды және оның кәсіби жетістіктері кафедраның әрі қарайғы инновациялық дамуына серпін беретініне сенім білдіреді.