MЕTU да Түркияның Мугла университетінен профессор Мехмет Али Озлердің дәрістері мен семинарлары өтуде. Химия және биохимия саласындағы танымал ғалым профессор Озлер студенттер мен магистранттарға органикалық химия, биокатализаторлар және тұрақты синтез технологиялары бойынша заманауи әдістерімен бөлісуде.
Дәрістерде экотехнологиялар мен тамақ өнеркәсібіндегі инновациялық химиялық процестерді енгізуге, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылады. Студенттер белсенді түрде талқылауларға қатысып, дәрістердің практикалық мәнін жоғары бағалайды.
Профессорды шақыру бастамасы MЕTU-дың Халықаралық ынтымақтастық департаментімен жүзеге асырылды және академиялық байланыстарды дамыту мен білім сапасын арттыруға бағытталған.