Бағдарламалық инженерия кафедрасының аға эдвайзері Жолшиева К.А. 2025 жылғы 11 қараша күні сағат 11:00-де META университетінде өткен «Өмір – ең жақсы құндылық» жобасы аясындағы семинарға қатысты. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен «Сана» қорының ұйымдастыруымен өтті.
Семинардың негізгі тақырыптары: суицидтің, зиянды әдеттердің, ЖЖБИ (жыныстық жолмен берілетін инфекциялар) сырқаттанушылығының алдын алу және жыныстық тәрбие мәселелері болды.
Семинарды аналитикалық бағыттағы психолог, тренинг психоаналитигі, ПОҚА директорларының жетекшілері мен тәлімгерлері тобының мүшесі, Психоаналитикалық қауымдастықтың кандидаты, Қазақстан және ҚР Психоанализ халықаралық мектебінің тренері Салтанат Юсуфқызы Нұрпейісова жоғары деңгейде өткізді.