Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры Жасанды интеллект негіздері оқытушыларға арналған курс
07 Қараша 2025                  910
Жасанды интеллект негіздері оқытушыларға арналған курс

2025 жылғы 28 қазан мен 7 қараша аралығында Бағдарламалық инженерия кафедрасының оқытушылары – Демеубаева Л.К., Мынбаева Л.Н., Жунусова А.М., Тұрсынхан А.М., Әлиасқар М.С. – басқа кафедра оқытушыларына арналған «Жасанды интеллект негіздері» атты оқу курсын өткізді.

Курс онлайн форматта (Zoom платформасы арқылы) ұйымдастырылды. Оның мақсаты – жоғары оқу орны оқытушыларының цифрлық құзыреттілігін арттыру, жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерін білім беру және ғылыми қызметте қолдануға үйрету болды.

Курс барысында тыңдаушылар жасанды интеллекттің теориялық негіздерін меңгеріп қана қоймай, оны практикалық тұрғыда қолдану мүмкіндіктерімен танысты.

Жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізу:

  • оқытушылардың әдістемелік жұмысын жеңілдетеді;

  • студенттердің жеке оқу траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік береді;

  • оқу сапасын арттырып, инновациялық педагогикалық тәсілдерді қолдануға жол ашады.

Қатысушылар курс нәтижесінде өз пәндерінде AI технологияларын қолданудың нақты жолдарын анықтап, жаңа білім беру құралдарын тиімді пайдалануға дайын екенін көрсетті.

Осыған байланысты, ЖИ (AI) бағытындағы мұндай курстарды тұрақты түрде өткізу және оқытушылардың кәсіби дамуының құрамдас бөлігіне айналдыру ұсынылады.