Ұлттық
валюта күні мен Қаржыгерлер күніне орай эдвайзерлік сағат және сапар сабағы
аясында қаржы мамандығының студенттері эдвайзер Бердимуратова Куралай
Қадырқұлқызының жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мұражайына
барды.
Экскурсия
барысында студенттер еліміздегі ақша айналымының тарихымен, ұлттық валюта –
теңгенің қалыптасу кезеңдерімен, сондай-ақ коллекциялық және инвестициялық
монеталармен танысты.
Мұражай
қызметкері Сангулова Гаухар студенттерге теңгенің жасалу үдерісі, дизайны,
символикасы және өндіріс технологиясы туралы мазмұнды экскурсия өткізді.
Мұражайға
бару студенттер үшін теориялық білімді тәжірибемен ұштастыратын құнды тәжірибе
болды, әрі Қазақстанның қаржы жүйесінің нақты қырларын тереңірек түсінуге
мүмкіндік берді.
Іс-шара
студенттердің кәсіби қызығушылығын арттырып, дүниетанымын кеңейтуге және ел
экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі Ұлттық банктің рөлін түсінуге
ықпал етті.