Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры МЕТУ-де жас бухгалтерлер мен қаржыгерлер клубының (ЖБҚК) салтанатты ашылуы
10 Қараша 2025                  199
МЕТУ-де жас бухгалтерлер мен қаржыгерлер клубының (ЖБҚК) салтанатты ашылуы

2025 жылдың 10 қарашасында Алматы қаласындағы Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (МЕТУ) Қазақстанның Бухгалтер күні мен Қаржыгер күніне орай Жас бухгалтерлер мен қаржыгерлер клубының (ЖБҚК) салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шара университет өміріндегі маңызды оқиға болып, студенттерді, оқытушыларды және кәсіби қауымдастық өкілдерін біріктірді.

Құттықтау сөздерімен:

  • МЕТУ ректоры, профессор Дархан Берікұлы Ақпанбетов
  • ACCA ұйымының Орталық Азия, Моңғолия және Армениядағы өкілдігі басшысы Жанна Нұрмұхамбетқызы Искенова
  • Бірінші проректор Абдильдаева А.А.
  • «Экономика және бизнес» кафедрасының меңгерушісі Дильдебаева Ж.Т. сөз сөйледі.

ЖБҚК миссиясы – бастамашыл, мақсаткер студенттерді, болашақ бухгалтерлер мен қаржыгерлерді біріктіріп, кәсіби құзыреттерді дамыту, тәжірибе алмасу, халықаралық жобаларға қатысу және Қазақстанда ACCA бағдарламасын ілгерілету.

Бағдарлама аясында:

  • ACCA миссиясы мен клубтың мақсаттарын таныстыру,
  • бухгалтерлік есеп пен қаржы бойынша викторина,
  • «Есеп және аудит» және «Қаржы» мамандықтары студенттерінің концерттік нөмірлері өтті.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, МЕТУ-дегі ACCA орталығының жетекшісі Миржакыпова Седеп Тоқтамұратқызы халықаралық ACCA бағдарламасының артықшылықтары туралы айтып өтті.

ЖБҚК ашылуы тек мерекелік шара ғана емес, бухгалтерия мен қаржы саласына болашағын арнаған студенттер үшін кәсіби өсу мен ынтымақтастықтың жаңа дәстүрінің бастауы болды