Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінің студенттері «Туран-Астана»
университетін дамыту бағдарламасы аясында
(5-стратегиялық бағыт-кәсіпкерлікті
және стартап мәдениетін дамыту) ұйымдастырылған «TAU Startup Battle 2025»
студенттік стартап-жобалар байқауына қатысты.
Біздің
университеттің үш командасы- “StarLine”, “UniVerSE” және “Venture Gate”- өздерінің
жарқын әрі бірегей жобаларын ұсынып, креативті ойлау қабілетін, командалық
жұмысты және идеяларды шынайы іске асыруға деген ұмтылысын көрсетті.
“StarLine” командасы (Жұмабеков Руслан
Юрьевич, ФИН-25-1.1р және Баймуратов Әділет Булатұлы, БТ-25-1Р) «Біз
жұлдыздарға қол созбаймыз-біз өзіміз жұлдызға айналамыз» ұранымен өнер
көрсетті.
“UniVerSE” командасы (Хлебная Валерия
Юрьевна, Цай Евгения Вячеславовна және Қошқарбаева Әнель Ерлановна, 25-MAR-1P)
заманауи міндеттерге шығармашылық көзқараспен әзірленген жобаны ұсынды.
“Venture Gate” командасы (Қадырқұл Диас
Русланұлы, БИО-25-1р және Ерік Әбільмансұр, ПИ-25-1.4р) «Қысқа да нұсқа, әрі
технологиялық» ұранымен жобасын таныстырды.
Байқау барысында
қатысушылар өз стартаптарын әзірлеп, шешімдерін ұсынуды, нарықты талдауды және
жобаларын сарапшылар алдында қорғауды үйренді. Мұндай іс-шаралар жастардың
кәсіпкерлік ойлауын, көшбасшылық қасиеттерін және коммуникациялық дағдыларын
дамытуға ықпал етеді.
Ең қуаныштысы-магистранттар
мен бітіруші студенттер арасында жүлделі орындарды дәл біздің бірінші курс
студенттері иеленді!
Бұл-табандылықтың, батылдықтың және
инновацияға тың көзқарастың айқын дәлелі.
Командалардың менторы-педагогика
ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сисенбаева Анар Сисенбаевна.
Біздің студенттердің
қатысуы-өз қабілеттерін танытудың ғана емес, сонымен қатар болашақ жетістіктерге
апарар маңызды қадам болды.
Командаларды шын жүректен құттықтаймыз және оларға жаңа идеялар, шабыт пен табыс
тілейміз!