Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасында «Қытай: дәстүр мен заманауи болмысы» тақырыбында қонақ онлайн-дәріс өтті. Дәрісті филология ғылымдарының докторы, Шэньсий педагогикалық университетінің
(Сиань қ., ҚХР) шетел тілдері факультетінің деканы, профессор Мэн
Ся жүргізді.
Профессор Мэн Ся
Қытайдың мәдени және тарихи дамуының негізгі бағыттарын, олардың қазіргі заманғы үрдістермен сабақтастығын жан-жақты талдаған мазмұнды дәріс ұсынды. Баяндаманың жоғары академиялық деңгейі, талдаудың тереңдігі және баяндаудың түсініктілігі студенттер мен
оқытушылар үшін құнды білім алып, кәсіби көзқарасын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Қатысушылар дәріс барысында өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мәдениетаралық коммуникацияның өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік алғандарын атап өтті. Дәріс тыңдаушыларға маңызды білімдік әрі
мотивациялық әсер қалдырды.
Халықаралық инженерлік-технологиялық университет профессор Мэн Сяға мазмұнды және шабыттандыратын дәрісі үшін алғыс білдіреді және ғылыми-білім беру саласындағы әрі
қарайғы ынтымақтастыққа үміт артады.