"METU студенттері «TAU Startup Battle 2025» байқауында екінші орынды иеленді!"
Ұлы белестерге бастар алғашқы қадамдар: «Туран-Астана» университетінің даму бағдарламасы аясында (Стратегиялық бағыт 5 — кәсіпкерлікті және стартап-мәдениетті дамыту) ұйымдастырылған «TAU Startup Battle 2025» студенттік стартап-жобалар байқауында біздің МИТУ университетінің студенттері айрықша жетістікке жетті.
Байқауға университетімізден үш команда қатысып, өздерінің креативті әрі тың жобаларын ұсынды.
“Venture Gate” командасы (Қадырқұл Диас Русланұлы — БИО-25-1р, Ерик Абильмансур — ПИ-25-1.4р)
жобасын «Ықшам әрі технологиялық» ұранымен таныстырды.
Ерекше қуантатыны — магистранттар мен жоғары курс студенттері арасында бақ сынаған бұл байқауда дәл осы аталған бірінші курс студенттері жүлделі орындарды иеленді!
Оларды шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа идеялар, шабыт және үлкен кәсіби жетістіктер тілейміз!