Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) «Сәтті сұхбат құпиялары» тақырыбында тренинг өтті, оған HeadHunter Қазақстан өкілдері қатысты.
Тренинг
барысында HeadHunter мамандары сұхбатқа қалай тиімді дайындалу, өзін дұрыс
таныстыру және рекрутер сұрақтарына сенімді жауап беру жолдары бойынша
практикалық кеңестер берді. Арнайы назар үміткерлердің типтік қателері мен
сәтті өзін-өзі таныстыру стратегияларына аударылды.
Білім алушылар
белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өздерінің еңбек нарығында сәтті орналасуына
көмектесетін ұсыныстар алды.
Мұндай
іс-шаралар білім алушылардың кәсіби дағдыларын дамытады, еңбек нарығының
қазіргі талаптары туралы түсініктерін кеңейтеді және мансаптарын саналы түрде
құруға ынталандырады.