2025 жылғы 11 қарашада Ақтау қаласында "Bilimdi
Keleshek-II" халықаралық жоғары білім көрмесі өтті. Көрмені "Жастар
саясатын қолдау орталығы" ұйымдастырды. Іс-шараға Халықаралық
инженерлік-технологиялық университеті METU қатысып, талапкерлерге білім беру
бағдарламаларын таныстырды.
METU өкілдері Ақтау қаласының мектеп және колледж
студенттеріне кеңес беріп, университеттің артықшылықтары, халықаралық
серіктестіктері, қабылдау талаптары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері және
түлектердің кәсіби даму перспективалары туралы ақпарат ұсынды.
Көрмеге қатысу METU университетіне өңірдегі білім беру
ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтуға және талапкерлерге заманауи
инженерлік-технологиялық мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беруге мүмкіндік
берді.
Автор: Мусақызы Ж.