2025 жылғы 13 қарашада Атырау қаласында "Bilimdi
Keleshek-II" халықаралық жоғары білім көрмесі өтті. Көрмені "Жастар
саясатын қолдау орталығы" ұйымдастырды. Іс-шараға Халықаралық
инженерлік-технологиялық университеті METU қатысып, талапкерлерге білім беру
бағдарламалары мен оқу мүмкіндіктерін таныстырды.
METU өкілдері Атырау қаласының мектеп және колледж
студенттеріне кеңес беріп, оқу бағыттары, қабылдау талаптары, халықаралық
серіктестіктер, академиялық ұтқырлық және түлектердің кәсіби мүмкіндіктері
туралы толық ақпарат ұсынды.
Көрмеге қатысу METU университетіне өңірдегі білім беру
ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтуға және талапкерлер арасында заманауи
инженерлік-технологиялық мамандықтар туралы ақпараттандыруды кеңейтуге
мүмкіндік берді.
Автор:
Мусақызы Ж.