Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры «Инженериядағы смарт технологиялар» кафедрасының лекторы Тұрдыбек Б., «Цифрлық сигналдар мен микросұлбалар» тақырыбында ашық сабақ өткізді
13 Қараша 2025                  561
«Инженериядағы смарт технологиялар» кафедрасының лекторы Тұрдыбек Б., «Цифрлық сигналдар мен микросұлбалар» тақырыбында ашық сабақ өткізді

2025 жылғы 13 қараша күні «Инженериядағы смарт технологиялар» кафедрасының лекторы Тұрдыбек Б. ,«Цифрлық сигналдар мен микросұлбалар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты — студенттердің цифрлық электроника саласындағы білімдерін тереңдетіп, микросұлбалардың жұмыс принциптері мен олардың инженерлік есептерді шешудегі маңызын түсіндіру болды.

Іс-шара барысында оқытушы теориялық материалды практикалық мысалдармен ұштастырып, студенттерге заманауи цифрлық технологиялардың қолдану аясы мен рөлін жан-жақты түсіндірді. Студенттер белсенді қатысып, тәжірибелік тапсырмаларды орындап, өз сұрақтарына толық жауап алды.

Ашық сабақ студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталды. Мұндай ашық сабақтарды өткізу білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, сондай-ақ кафедра лекторлар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.