Главная Новости METU-дің «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының магистранты Кантаева Бакыт Түркияның Кастамону университетіндегі тағылымдамасын сәтті аяқтады
14 Қараша 2025                  1032
METU-дің «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының магистранты Кантаева Бакыт Түркияның Кастамону университетіндегі тағылымдамасын сәтті аяқтады

METU-дің «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының магистранты Қантаева Бақыт Түркияның Кастамону  университетіндегі  тағылымдамасын сәтті аяқтады

Тағылымдама Бақыттың кәсіби және академиялық дамуы үшін маңызды кезең болды. Бұл орайда оған Түркияның жетекші университеттерінің бірінен алған тәжірибесін бөлісу және білім алмасу мүмкіндігі берілді. Тағылымдама барысында Бақыт бағдарламалық инженерия, цифрлық өндіріс және жасанды интеллект салаларындағы заманауи әдістемелерді тереңірек үйреніп, жаңа технологияларды дамытуға бағытталған ғылыми жобаларға қатысқан.

METU халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып, студенттеріне шетелде оқып, стажировкадан өту мүмкіндіктерін ұсынады.

Біз студенттеріміздің жетістіктеріне мақтанамыз және Бақыттың Түркияда алған тәжірибесі оның әрі қарайғы кәсіби дамуы үшін маңызды қадам болатынына сенімдіміз.