Бүгін кітапханада Валюта күніне орай шағын тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқырмандарға әлемдік және ұлттық валюталардың тарихы, түрлері, қаржы жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы танымдық ақпарат ұсыну.Экспозицияда экономикалық теория, қаржы сауаттылығы, валюталық операциялар, халықаралық қаржы институттары және ұлттық валюта – теңгенің қалыптасу кезеңіне қатысты әдебиеттер қойылды. Сонымен бірге көрмеге ҚР Ұлттық банкінің ақпараттық материалдары, тарихи суреттер және тақырыпқа сай анықтамалық басылымдар енгізілді.