Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Б. Абуова МИТУ мен К.И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында Қырғыз ұлттық аграрлық университетіне (Бі
11 Қараша 2025                  532
Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Б. Абуова МИТУ мен К.И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында Қырғыз ұлттық аграрлық университетіне (Бі

"Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы" кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Б. Әбуова Қ. И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетіне (Бішкек қ.) біздің университет пен ҚНАУ арасындағы ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде Академиялық сапармен барды.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде 2025 жылғы 3-9 қараша аралығында профессор А. Б. Әубова ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технологиясы кафедрасының студенттеріне арналған дәрістер мен практикалық сабақтар циклін өткізді. Сабақтар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелеріне, жаңа өнімдерді дайындау технологияларына және заманауи өндірістік процестердің ерекшеліктеріне арналды. Студенттер дәрістердің жоғары ақпараттылығы мен тәжирибиелік құндылығын атап өтті.

Сапар барысында профессор Әбуова А. Б. ҚНАУ материалдық-техникалық базасымен, университеттің зертханаларымен және оқу алаңдарымен танысты. Сонымен қатар, ҚНАУ - МИ "Бішкек нан зауыттары" негізгі өндірістік серіктестерінің біріне барып, онда профессор технологиялық процестер мен өндірісті ұйымдастыруды зерттеді.

Сапар қорытындысы бойынша профессор А. Б. Әбуова ҚНАУ сертификатымен марапатталды, ал университет басшылығы академиялық ынтымақтастық пен жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.