Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Шақырылған профессордың дәрісі
17 Қараша 2025                  145
Шақырылған профессордың дәрісі

Бүгінгі таңда білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған оқу үдерісі аясында:

- 6В08103 - "Жеміс-көкөніс шаруашылығы және Агро-Топырақтану",

- 6В07203 - "Тамақ өндірісінің технологиясы және инжинирингі",

- 6В07501 - "Стандарттау және сертификаттау",

шақырылған профессордың қонақ дәрісі өткізілді.

Дәрісті "ҚазҚСҒЗИ" ЖШС, "Қайнар" РФ "Көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы" бөлімінің меңгерушісі, PhD докторы Зоржанов Берік Докторханұлы оқыды.

Дәріс тақырыбы: "Заманауи Агротехнология және олардың тиімдісі".

Дәріс барысында шақырылған профессор студенттерді көкөніс дақылдарын өсірудің заманауи тәсілдерімен, инновациялық Агротехнологиялық шешімдермен және олардың тиімділігін бағалау өлшемдерімен таныстырды. Студенттер қызықтырған сұрақтарын қоюға, саланың өзекті тенденцияларын талқылауға және кәсіби көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік алды.

Зоржанов Берік Докторханұлына шын жүректен алғысымызды білдіреміз, дәріскердің кәсібилігі арқасында студенттер заманауи агротехнологиялар, көкөніс шаруашылығындағы инновациялар және өндірістік процестердің тиімділігін арттырудың практикалық аспектілері туралы пайдалы ақпарат алды.

Біз ынтымақтастық пен болашақ мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін ризашылығымызды білдіреміз.