Главная Новости METU өкілдерінің Ақтау қаласындағы №12 жалпы орта мектепте кәсіби бағдар беру жұмысы
10 Қараша 2025                  188
METU өкілдерінің Ақтау қаласындағы №12 жалпы орта мектепте кәсіби бағдар беру жұмысы

2025 жылғы 10 қарашада, Ақтау қаласына жасалған іссапар барысында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің METU өкілдері №12 жалпы орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға METU-дің білім беру бағдарламалары, мамандықтар, қабылдау талаптары, халықаралық мүмкіндіктер және әрі қарайғы оқу перспективалары таныстырылды. Университет өкілдері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, болашақ мамандықты таңдауға қатысты ұсыныстар берді.

Өңірлерде кәсіби бағдар беру іс-шараларын ұйымдастыру – METU-дің мектеп оқушыларын заманауи инженерлік-технологиялық бағыттар туралы ақпараттандыруға және білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды жұмыстарының бірі.

Автор: Мусақызы Ж.