Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасының Ұлттық
валюта күніне арналған ашық эдвайзерлік сағат өтті. Іс-шараны «Экономика және
бизнес» кафедрасының эдвайзері Бердимуратова Құралай Қадырқұлқызы ұйымдастырды.
Кездесуге «Қаржы» мамандығының студенттері қатысты.
Кафедра
меңгерушісі қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, қазіргі заманда қаржылық
сауаттылық пен қаржы үдерістерін терең меңгерудің маңыздылығын атап өтті.
Эдвайзер
Бердимуратова Қ.К. жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып әзірлеген
құттықтауын ұсынып, шара барысында ұлттық валюта — теңгенің тарихына қысқаша
шолу көрсетілді.
Іс-шараның
құрметті қонағы Bakker Tilly компаниясының өкілі болды. Ол болашақ
мамандардың кәсіби дамуында қаржылық сауаттылықтың рөлін ерекше атап өтті.
Студенттер
сондай-ақ Ұлттық банк музейіне жасаған оқу экскурсиясы бойынша презентациялар
дайындап, алған әсерлерімен және жаңа білімдерімен бөлісті.
Бұл іс-шара
оқу процесін, заманауи технологияларды және тәжірибеге бағытталған оқытуды
ұштастыра білген тиімді эдвайзерлік жұмыстың жарқын үлгісі болды.