МИТУ Ғылыми кітапханасында «Ұлттың үш шамы» атты тағылымдық дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиынның мақсаты – қазақ халқының рухани дамуына өлшеусіз үлес қосқан ағартушылардың мұрасын кеңінен насихаттау, студенттерге олардың өмір жолы мен еңбектерінің маңызын таныстыру болды.Дөңгелек үстел барысында үш ұлы тұлға: Міржақып Дулатов (1885–1935), Ыбырай Алтынсарин (1841–1889) және Шәкен Ниязбеков (1938–2014) туралы мазмұнды деректер ұсынылды. Қатысушылар олардың ұлт үшін жасаған қызметі, ағартушылық және мәдени мұралары жайында ой бөлісті.Студенттер мен оқытушылар ұлы қайраткерлердің өмірінен алынған тарихи мәліметтерді талқылап, олардың еңбектерінің бүгінгі ұрпақ үшін маңызын атап өттіІс-шара соңында қатысушыларға кітапхана қорындағы ағартушыларға арналған кітаптар мен материалдар таныстырылып, еркін пікір алмасу ұйымдастырылды.