Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде өткен дәстүрлі «Студенттер қатарына қабылдау» шарасы сәтті өтті. Осы шара аясында белсенді студенттер: РЭТ-22-1к тобының студенті Турганжанова
Гульназ және РЭТ-24-1.2к тобының
студенті Смагулов Султан Аянович алғыс хатпен марапатталды!
Марапат олардың университет өміріне белсенді қатысуы, қоғамдық шараларға
қосқан үлесі және үлгілі оқуы үшін берілді. Бұл студенттердің жауапкершілігін,
шығармашылық белсенділігін арттыруға және ғылыми-зерттеу жұмыстарына
қызығушылығын оятуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Кафедра ұжымы жас таланттарды қолдап, олардың кәсіби және жеке дамуына
жағдай жасайды. Осындай марапаттар студенттерді ынталандырып, жаңа жетістіктерге
ұмтылуына серпін береді.
Турганжанова Гульназ және Смагулов Султан Аяновичті шын жүректен
құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, университеттің
беделін арттыра берулеріне тілектеспіз!