Главная Новости Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің 1-курс студенттерін студент қатарына қабылдау салтанатты рәсімі
17 Қараша 2025                  190
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің 1-курс студенттерін студент қатарына қабылдау салтанатты рәсімі

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (ХИТУ/МИТУ) Студенттік қатарға қабылдау кеші салтанатты түрде өтті. Бұл кеш дәстүрлі түрде университет тарихындағы ең сүйікті сәттердің бірі – "ГАУДЕАМУС" студенттік гимнінің 1-курс студенттерінің орындауымен басталды.


Университет Ректоры, Ақпанбетов Дархан Берікұлы, Халықаралық студенттер күніне орай университеттің ең үздік әрі белсенді студенттерін Құрмет грамоталарымен марапаттады.


Бірінші курс студенттері студенттік өмірдегі алғашқы қадамдарын жасап, салтанатты вальс биледі және студенттік ант қабылдады.


Ғылыми студенттік ұйымның (ҒСҰ) қайта жандануы кештің маңызды бөлімі болды. Бұл ұйым студенттерді ғылыми жобаларға, заманауи технологияларды игеруге және алғашқы ғылыми жарияланымдарды дайындауға тартады. ҒСҰ-ның жаңа мүшелеріне сертификаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.


Іс-шараға Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Кенесбай Алмаз Абаевич қатысып, университеттің дамуына үлес қосқан студенттерді Алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, кеште ХИТУ-дың жаңа Студенттік ректоры болып Сарсенғали Арайлымриза сайланды.


Құрметті қонақтар қатарында Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, Ж. Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ҒЗИ-ның, Зоология ғылыми-зерттеу институтының басшылары, сондай-ақ жұмыс берушілер – "Ақсай" нан-тоқаш комбинаты" ЖШС және "SeaStar" ЖШС, Дүйсембеков Бақытжан Әлішерұлы – Ж. Жиенбаев атындағы Өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы, б.ғ.к., Ященко Роман Васильевич – Зоология ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры, б.ғ.д. өкілдері болды. Олар студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, халықаралық бағдарламалар мен тағылымдамаларға қатысуға шақырды.  


Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде 1-курс студенттерін студенттік қатарға қабылдау салтанатты рәсімі жоғары деңгейде өтті. Бұл мереке жаңа студенттердің студенттік өмірге батыл қадам жасауының және олардың болашақ кәсіби дамуға деген ұмтылысының айқын көрінісі болды.