METU Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің Программалық инженерия мамандығының студенттерінен құралған VITALITY командасы AI Dashboard бағытында өткен конкурста І орын иеленіп, өз білімін, дағдысын және кәсіби дайындық деңгейін жоғары дәрежеде дәлелдеді.
Жеңімпаз команданың құрамында ПИ-24-1.4К тобының студенттері:
Амангелді Ильяс, Асқар Алимжан және Дидарұлы Ералы бар. Олар ұсынған жоба қазылар алқасының назарына тиімділігімен, талдамалық дәлдігімен және интерфейстік шешімдерінің сапасымен ерекше көзге түсті.
Бұл жетістік — студенттердің жүйелі еңбегінің, шығармашылығының және заманауи ІТ-технологияларды меңгеру деңгейінің айқын дәлелі. Сонымен қатар, бұл Программалық инженерия кафедрасының сапалы білім беру бағытындағы тұрақты жұмысының нәтижесі болып табылады.
METU ұжымы VITALITY командасын шын жүректен құттықтайды!
Ильяс, Алимжан, Ералы — біз сіздерді мақтан тұтамыз!
Алдағы жобалар мен сайыстарда жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!