Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры Жасанды интеллект негізіндегі Smart To-Do жүйесі: оқытушылар мен студенттердің күнделікті тапсырмаларын тиімді басқару арқылы оқу процесін оңтайландыру
07 Қараша 2025                  637
Жасанды интеллект негізіндегі Smart To-Do жүйесі: оқытушылар мен студенттердің күнделікті тапсырмаларын тиімді басқару арқылы оқу процесін оңтайландыру

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің студенттері кезекті жетістікке қол жеткізді. Университетішілік инновациялық жобалар байқауында «Жасанды интеллект негізіндегі Smart To-Do жүйесі» атты жоба 3-ші орынға ие болды.


Аталған жоба оқу процесін цифрландыруға бағытталған заманауи шешім ретінде бағаланды. Smart To-Do жүйесі оқытушылар мен студенттердің күнделікті тапсырмаларын тиімді жоспарлауға, оқу жүктемесін оңтайландыруға, сондай-ақ оқу процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект технологиялары арқылы жүйе әрбір қолданушыға жеке ұсыныстар ұсынып, оқу тиімділігін арттырады.



Жобаның авторы — Ауезхан Жандос Өмірханұлы, ПИ-25-1к (кол) оқу тобының студенті. Ол өзінің креативті идеясы, техникалық дайындығы және жобаның практикалық маңыздылығы арқылы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.


Жобаның ғылыми жетекшісі — Тұрсынхан А.М., «Программалық инженерия» кафедрасының аға оқытушысы. Жетекшінің кәсіби бағыт-бағдары мен қолдауы студенттің жобаға деген ынтасы мен нәтижелеріне оң ықпал етті.


Бұл жетістік университетіміздің талантты жастарының инновациялық ойлау қабілетінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Ауезхан Жандос Өмірханұлын шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс, жаңа жобалар мен биік белестер тілейміз!