Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры Халықаралық инженерлік-технологиялық университетте бірінші курс студенттеріне арналған салтанатты «Студенттер қатарына қабылдау-2025» өтті
17 Қараша 2025                  103
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетте бірінші курс студенттеріне арналған салтанатты «Студенттер қатарына қабылдау-2025» өтті

  17 қараша 2025 жылы Халықаралық инженерлік-технологиялық унитситет өмірінің үлкен әрі мәнді оқиғасына айналды.

уөрсету, олардың бойында жауапкершілік, бірлік және университетке деген құрмет сезімін қалыптастыру. Сонымен қатар, Халықаралық инженерлік-технологиялық университеттің тарихы, миссиясы, құндылықтары және академиялық дәстүрлері таныстырылды.


Салтанатты жиынды университет ректоры мен басшылық құрамы ашып, білім мен кәсіби дамудың маңыздылығына тоқталды. Олар жастарды жаңа бастамалардан қорықпауға, технологиялық даму дәуірінде белсенді, жаңашыл және жауапты болуға шақырды.


Шара барысында студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, музыкалық, хореографиялық және театрланған қойылымдар ұсынды. Бұл қойылымдар мерекелік көңіл-күйді ерекше жандандырып, студенттердің талантын ашуға мүмкіндік берді.


Посвящение — Халықаралық инженерлік-технологиялық университет дәстүріндегі маңызды мәдени-рухани шаралардың бірі. Ол студенттердің жаңа ортаға тез бейімделуіне, бір-бірімен танысып, жаңа достық қарым-қатынастар орнатуына ықпал етеді.


Іс-шара соңында студенттерге ресми түрде Халықаралық инженерлік-технологиялық университет қауымдастығының мүшесі атанғанын білдіретін сертификаттар табыс етілді. Бұл олардың студенттік өмірге алғашқы үлкен қадам жасағандарының белгісі болды.