Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры METU студенттері Қытайдағы «Discovering Jiangsu» академиялық бағдарламасынан мол әсермен оралды
19 Қараша 2025                  48
METU студенттері Қытайдағы «Discovering Jiangsu» академиялық бағдарламасынан мол әсермен оралды

Международный инженерлік-технологиялық университеті халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында ауқымды қадамдарын жалғастырып келеді. 4–10 қараша 2025 жылдар аралығында METU университетінің студенттері мен магистранттары Қытай Халық Республикасындағы Jiangsu University of Technology ұйымдастырған «Discovering Jiangsu» академиялық алмасу бағдарламасына қатысып қайтты.


Университет атынан бағдарламаға «Программалық инженерия» кафедрасының 3-курс студенттері – Турлыбек Мухаммедәлі Айнабекұлы мен Шаріпбек Ерасыл Досжанұлы қатысты.


Студенттер аталмыш сапардың өздері үшін үлкен тәжірибе болғанын ерекше атап өтті. Олар Қытайдың алдыңғы қатарлы зауыттарына, өндірістік орталықтарына, зертханалары мен технопарктеріне барып, заманауи технологиялардың жұмыс істеу қағидаларымен танысты.


Оралғаннан кейін студенттер өз әсерлерімен бөлісті:

— «Біз көптеген жаңа идеялар, шабыт және эмоциялармен оралдық. Әр зауыттан, әр зертханадан ерекше әсер алдық. IT, робототехника, өндіріс автоматтандыруы – бәрі де бізге тың серпін берді», — дейді олар.


Бағдарлама студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, халықаралық академиялық ортада өзіндік тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. METU университеті алдағы уақытта да студенттер үшін осындай халықаралық бағдарламаларды кеңінен дамыта бермек.